Түлкібастық бағбандар 25 мың тоннадан астам күздік алма жинады

8 Қараша 2021, 11:39
911
Бөлісу:
Түлкібастық бағбандар 25 мың тоннадан астам күздік алма жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданы - алма  өсіруге өте ыңғайлы аймақ. Аудан аумағында қазіргі таңда 76  агроқұрылым алма бауын өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие алма сұрыптарын өсіреді.


Өткен жылы Түлкібаста алма өсірумен айналысатын шаруалар 33 мың тоннадан астам алма жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ал биыл олар 25 мың 600 тонна алма жинап отыр.
Бүгінгі күнде Түлкібас ауданында 3077 га алма бау алқабы бар. Оның ішінде 2218 гектарына 2007 жылдан кейін көшет отырғызылған. Яғни, жас баулар.  Сонымен қатар ауданда аз жерден мол  өнім алуға  (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) бейімделген қарқынды бау шаруашылықтары дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асады, - деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түлкібастық бағбандар 25 мың тоннадан астам күздік алма жинады

Аудан аумағында қыс мезгілінде алма сақтайтын сыйымдылығы 12500 тоннаны құрайтын 7 жеміс-жидек  қоймасы жұмыс істейді. Бұл қоймалар Түлкібастың брендін жылдың төрт мезгілінде қолжетімді бағада елге ұсынуға мүмкіндік береді. 


Өзгелердің жаңалығы