Бас жаңалықтар
Түлкібас ауданында жыл басынан бері 4500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды
15 Сәуiр 2021, 05:28 218

Түлкібас ауданында жыл басынан бері 4500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданында жыл басынан бері 4500-ге жуық азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерімен және мобильдік топтармен карантин режимінің сақталуын қадағалау және тұрғындардың тыныштығын қадағалау мақсатында рейдтік іс шаралар жүргізілуде. Осы аралықта жыл басынан бері жалпы 4351 әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Мас халде автокөлік басқару) бойынша 14 жайт, 425-бабы (Карантин режимін сақтамаған) бойынша 324 дерек, 434-бабымен (Қоғамдық орынды ластау) – 285, 204-бабы (Ретсіз сауда жасау) бойынша 43 жайт, 440-бабымен (Қоғамдық орында мас халде жүру) 149 дерек, 441-бабы (Белгіленбеген орында темекі шегу) бойынша 27 жайт, 73-бабымен (Ұрып-соғу) 19 дерек тіркелсе, 408-бабы (Ит, мысықты асырау қағидасын) бойынша 844 жайт тіркеліп, әкімшілік хаттама түзілген.

Басқа да өзге баптармен 624 хаттама толтырылған. Қазіргі уақытта аудан көлемінде қосымша рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2021 жылдың үш айында Түлкібас аудандық СЭС бөліміне 324 іс жолданды. Оның ішінде 177 тұрғынға медициналық бетперде тақпағандары үшін болса, сегіз азаматқа көкпар ұлттық ойынын өткізгендері үшін. Одан бөлек, 12 жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Қазіргі таңда 56 іс қаралуда.

Осы тұста мысал келтіре кетсек, Түлкібас ауданына қарасты базар маңында бір азаматтың мас халде жүргені күдік тудырған. Содан соң тексеру барысында оған қатысты медициналық сараптама тағайындалып, қорытындысында «жеңіл дәрежелі» мас күйі анықталған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Қоғамдық орында мас халде жүру) бойынша әкімшілік хаттама толтырған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...