Бас жаңалықтар
«Туған жер»: Кәсіпкерлер ауылға миллиондап қаржы бөлген
21 Сәуiр 2021, 09:23 189

«Туған жер»: Кәсіпкерлер ауылға миллиондап қаржы бөлген

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Федоров ауданында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы белсенді жүзеге асырылуда. 2020 жылы бағдарлама шеңберінде 172 млн теңгеге әлеуметтік маңызы бар 8 жоба іске қосылған.

Барлық жобаға меценаттар қолдау білдірді. Ауқымды жұмыстардың бірі – 36 млн теңгеге Баннов орта мектебі екінші қабатының жөнделуі. Жалпы сомасы 40 млн теңгеге айналма жол салынғанын да атап өтуге болады.
Демеушілердің игі істері биыл да жалғасып жатыр. 


Меценаттар білім ошақтарын үнемі қолдап келеді. 2020 жылы шалғай ауылдардағы оқушыларды тасымалдауға, аз қамтылған отбасылардың балаларын ыстық тамақпен қамтуға көп көмектесті. Бұл жұмысқа кәсіпкерлер 50 млн теңге жұмсады, - дейді Федоров ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Болат Бақытжанов.

Осы жылдың бірінші тоқсанында аудан меценаттары жаңа жобаны жүзеге асырды. Пешков ауылында монша және кір жуатын нысан салынды. 


Сонымен қатар, жанашыр азаматтардың қолдауымен, «Туған жер» бағдарламасы аясында жыл сайын балаларды робототехника негіздеріне оқыту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы Пешков ауылында IT кабинеті ашылды. Меценаттар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар үшін көрсетілген көмектің мөлшерінен гөрі қаражатты тиімді игеру және істің нәтижесі маңызды. 

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын қолдап, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелейтін іс-шараларға көмектесіп жүрмін. Әр ауылда бір-бірден жанашыр кәсіпкер болса, елді мекендердің жағдайы жаман болмас еді деген ойдамын. Біздің ауданда ондай азаматтар көп, қатарымыз арта түскенін қалаймын, - дейді Татьяна Пфунт.

Фото: дереккөз
Загрузка...