Туған күніне орай елорда қалай түрленді?

5 Шілде 2020, 17:26
3338
Бөлісу:
Туған күніне орай елорда қалай түрленді?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 6 шілде – Елорда күні. Қазақстанның бас қаласының туған күні биыл онлайн мерекеленеді. Еліміздегі соңғы жағдайлардың нәтижесі карантин талаптарын күшейтуге алып келді. Дегенмен, саябақтарда серуендеп, көше кезуге рұқсат бар. Елорда тұрғындарының көз қуанышына айналар мерекелік сыйлықтар да жоқ емес. Елорда туған күнінде қалай әрленді? Әзірге онлайн көріп, көзайым болыңыз.

D716A0E4-E823-4A39-BFF4-61C3821D3611.JPEG

"Нұрлы жол" бульварымен серуендесеңіз, мерекеге арнайы қойылған инсталляцияларды көзіңіз шалады. Көздің жауын алған бұл безендіруден кейін мерекелік көңіл-күйдің пайда болары сөзсіз.

3AC29BB6-1B0A-41DC-8403-A1AF0405C351.JPEG

Бульвар бойы қала күніне арналған елорданың әр жылдардағы жетістіктері мен есте қалатын маңызды даталары бар баннерлер орнатылған.

Тұрғындар өткенді еске алып, ой елегінен өткізе алады.

7E106CD6-99F2-487A-A51B-FD62184DCB39.JPEG

Көшпелі қазақтың бір нышаны ретінде "Бәйтерек" монументінің жанында ағаш арбалар да тұр.

8392C6E2-49D7-4BC5-9BEE-3B6FE81B0ECA.JPEG

"Бүгінгі күн – ертеңгі тарих" демекші, көненің жәдігері қазіргі күнге уақыт кемесі арқылы келгендей, бұл күн де ертең тарих қойнауына сүңгиді.

Сондай-ақ, биыл еліміз Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерекелеп жатыр. Бұл айтулы дата да естен шығарылмаған.

0DFB5678-F168-4B4C-8D02-E4A62D238AE1.JPEG

253DE560-E8E6-45D6-A84A-ED60F0288525.JPEG

Биыл қазақтың бас ақыны - Ұлы Абайдың 175 жылдығы екенін де ұмытпаған абзал. "Нұрсая" тұрғын үй кешендерінің ортасында орналасқан скверде Абай Құнанбайұлының мүсінін көресіз.

9021F639-B300-49BB-8CBC-0C6E670FF323.JPEG

Абайдың 45 қара сөзінің кітаптары жеке бейнеленген "кішкентай" кітапша да көздің жауын алады.

540202EA-17A3-4AEC-B215-420E0E9E4F0C.JPEG

 Оған қоса, 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған алғашқы "Алтын адам" да назардан тыс қалмаған. Бульвардың төрінде елорданың тыныштығын күзеткендей қасқайып тұр.

03F182CB-BED0-4683-8B6F-A0210BC7A4D5.JPEG

Сонымен қатар, қала көңілге демеу сыйлайтын, жарқын болашақтың барын сездіретін түрлі-түсті, көңілді картиналар мен инсталляциялармен көріктендірілген. 

 A9695FBD-3A52-4977-BC4A-F01663527A3E.JPEG

Бұл сұлулықты тамашалағыңыз келсе, маска тағып, қолғабыңызды киіп, бір серуендеп қайтсаңыз болады.

AC2050CB-563F-4ECC-8B4C-D05A21A8F1C1.JPEG 
Сұлу елорда, туған күніңмен!

91684539-7E2B-4284-8A38-668F1A73232F.JPEG

Көркейе бер!

B0529069-DF75-4AF6-9F9F-09E7CA3DE3F9.JPEG

Өсе бер!

5BBE5169-FA50-4700-B8C2-3A43B7D4025C.JPEG

Өзгелердің жаңалығы