Елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды

24 Ақпан 2020, 13:28
2264
Бөлісу:
Елімізде туберкулезбен күрес айлығы басталды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 наурызға дейін жалғасады. 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрлігі “Ұлттық фтизопульмонология орталығы" мекемесінің директоры Мәлік Әденов Алматыда өткен брифинг кезінде айтты. 

Оның айтуынша, бұл аурумен күресті әр адам өзінен бастау керек. Сондықтан “Туберкулезге қарсы күресте сенің де өз үлесіңді қосатын уақытың келді!" деген ұранды таңдап алыпты. 

Осы акцияның аясында поликлиникаларда ашық күндер өтеді. Әр азамат тұрғылықты мекені бойынша соған барып тексеріле алады. Оның барлығы тегін. 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Осының аясында туберкулез ауруының алдын алу және тағы басқа мәселе бойынша мәліметтер беріп отырамыз, - дейді ол.

Маманның айтуынша, туберкулез ауруының белгілері - ол үздіксіз жөтел, температураның 37 градусқа дейін көтерілуі, шаршаңқы сезіну, салмақ тастау.

Айлық аясында фтизиатрлардың, фтизиопедиатрлардың тегін кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған.

Бұған дейін, Мәлік Әденов қазір туберкулез ауруын екі сағатта анықтайтын диагностикалаудың жаңа технологиялары енгізілгенін жеткізді. 

Өзгелердің жаңалығы