Цукерберг тәулікте 6,2 миллиард долларға байыды

2 Ақпан 2019, 11:23
2596
Бөлісу:
Цукерберг тәулікте 6,2 миллиард долларға байыды

Астана, BAQ.KZ. Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг бір күнде 6,2 миллиард долларға байыды. Бұл компания 2018 жылғы есепті жариялағаннан кейін белгілі болды.

Bloomberg мәліметінше, құжатта компания табысы 39 пайызға, яғни 22,1 миллиард долларға дейін өскені, ал жиынтық пайда көлемі 37 пайызға, яғни 55,8 миллиард долларға дейін өскені айтылған.

Осы мәліметтер жарияланғаннан кейін корпорация акциялары бір күнде 11 пайызға күрт өскен. Бұл 2016 жылдан бергі Фейсбук қағаздарының ең үлкен өсуі.

Басылымның хабарлауынша, өткен жылы компанияға қатысты көптеген дау-дамайдың болуына қарамастан оның табысы өсіп барады.

Осының арқасында 34 жастағы Марк Цукерберг Bloomberg Billionaires Index ғаламшардың ең ауқатты адамдары рейтингінде бесінші орынға дейін көтерілді. Қазір бизнесменнің байлығы 65,6 миллиард долларға бағаланып отыр.
Өзгелердің жаңалығы