Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

3 Тамыз 2020, 12:30
2298
Бөлісу:
Цой вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Ол бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Бізде қазір вице-министрдің ұсталу себептеріне қатысты нақты ақпарат жоқ. Себебі тергеу жүріп жатыр. Уәкілетті органдар өздерінде бар ақпаратты өздері жеткізеді деп ойлаймын. Олжас Әбішев өткен аптада жұмыстан кетуге өз еркімен өтініш берді. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда. Егер шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады, - деп атап өтті Цой.

Айта кетейік, 2 тамыз күні ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті ұстағанын растаған болатын. Ол бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталуда.
Өзгелердің жаңалығы