Бас жаңалықтар
Цой оқушылар арасында коронавирусты қанша бала жұқтырғанын айтты
30 Қыркүйек 2020, 09:13 803

Цой оқушылар арасында коронавирусты қанша бала жұқтырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкіметтің онлайн отырысында айтты.  

Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша науқастар саны 107 908-ді құрап отыр. Соңғы тәулікте 75 науқас тіркелді. Жалпы көз жұмғандар саны 1731 адамды құрап отыр. Оқушылар арасында індет жұқтыруға қатысты тоқталсам, жыл басынан бері індет жұқтыру бойынша 104 жағдай тіркелді, оның 33-і кезекші сыныптарда оқығандар арасынан шықты. 71 науқас қашықтан оқытып жатқандар арасында тіркелді, науқастармен байланыс орнатқандар саны 550 адамды құрады. Олардың арасынан 7 науқас шықты, - деді министр. 
Цой атап өткендей, офлайн режимге барлық оқушы көшкен жағдайда науқастармен байланысқандар саны 1500-ге дейін артып кететін еді. Ол оқушылар мен мектеп ұжымы, ата-аналар арасында жұқтыру ықтималдығын арттыратын еді. 
Осы орайда, аумақ әкімдері білім беру нысандарындағы санитарлық-дезинфекциялық талаптарды барынша орындалуын қамтамасыз етуі керек. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлердегі жағдай тұрақты. «Қызыл» және «сары» жолақта тұрған өңірлер жоқ. Барлық өңір «жасыл» аймақта тұр, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//