Цой коронавирустық пневмонияның күрт өсу себебін айтты

10 Қыркүйек 2020, 13:37
1788
Бөлісу:
Цой коронавирустық пневмонияның күрт өсу себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустық пневмониямен сырқаттану көрсеткішінің күрт өсу себептерін айтып берді.

Бұл мәселе үнемі көтеріліп келеді. Статистикалық мәліметтердің ауытқуы аптадан аптаға дейін жүйелі түрде байқалады. Негізінен, бұл мәліметтер демалыс күндеріне байланысты. Демалыс күндері емханалар жабық, азаматтар демалыс күндері емханаға бармайды, медициналық мекемелерге бару үшін аптаның басталуын күтеді. Көбінесе, өсім аптаның алғашқы күндеріне сәйкес келеді. Аптаның соңында бұл көрсеткіш төмендейді. Мұнда, ең бастысы, апта сайынғы көрсеткіштерді салыстыру қажет. Қазір біз тұрақты төмендеуді көріп отырмыз, - деді министр.

Бұған дейін ол мектептердегі тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы айтуға әлі ерте екенін айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы