Цой "белгісіз пневмония" туралы айтқан Қытай елшісінің ойын өзгертті

15 Шілде 2020, 13:29
1620
Бөлісу:
Цой "белгісіз пневмония" туралы айтқан Қытай елшісінің ойын өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда  "белгісіз пневмония" жүріп жатыр деген Қытай елшісімен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сөйлескен. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты.

Біз серіктестерімізбен, оның ішінде Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс істейміз. Бұл жаңалық шыққаннан кейін жаңа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой телефон арқылы сөйлесті. Біз мұны ұйымдастырып бердік. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді, - деді Ержан Ашықбаев ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, Қытай елшілігі осы әңгімеден соң, өз елінің азаматтары арасында таратылатын ақпаратқа тиісті өзгертулер енгізген.

Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Өзгелердің жаңалығы