Беларусь премьер-министрі: Цифрлы экономиканы дамыту – басым бағыттардың бірі

1 Ақпан 2019, 11:37
1988
Бөлісу:
Беларусь премьер-министрі: Цифрлы экономиканы дамыту – басым бағыттардың бірі

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. 2017 жылы жоғары технологиялар паркінің резиденттерінің экспорты миллиард доллардан асты. Бұл туралы Белорус елінің Үкімет басшысы Сергей Румыс Алматыда өтіп жатқан ЕАЭО елдерінің цифрландыру форумында айтты.

Оның айтуынша, Белорус елінде цифрлы экономиканы дамыту ең басым бағыттардың бірі болып отыр.

"Біз оны әлеуметтік дамудағы ең басты драйвер ретінде қарастырудамыз. Еліміздің президенті А. Лукашенконың бұйрығымен бірнеше жыл бұрын еліміздің IT құрылымын жасау қолға алынған. Ол үшін заңды әрі дайындық алаңы құрылуда. Көлемді инвестициялық жобалар іске асырылуда, дәстүрлі экономиканың технологиялық және ұйымдастырушылық алмасуы жүріп жатыр. Қазір елімізде заңнамалық деңгейде Токиндер мен Блокчин технологияларын пайдалану реттелген. ТМД елдері арасында бірінші рет Криптовижніске қосылды. 2017 жылы жоғары технологиялар паркінің резиденттерінің экспорты миллиард доллардан асты. 2018 жылы парк технологиясының экспортының өсімі 30 пайызға артады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді экспорттаудың нәтижесін Беларус халқына шаққанда қазірдің өзінде АҚШ, Қытай, Үндістан елдерін артқа қалдырды. Бұл 2017 жылдың соңында Президентпен экономиканы цифрландыру бойынша жасалған келісіммен іске асып отыр", - деді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы