«ЦентрКредит банкі» қаза болған полиция мен әскери қызметкерлердің отбасыларына миллион теңгеден береді

9 Қаңтар 2022, 11:11
1195
Бөлісу:
«ЦентрКредит банкі» қаза болған полиция мен әскери қызметкерлердің отбасыларына миллион теңгеден береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ЦентрКредит банкі» қайтыс болған тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсетеді, деп хабарлайды банктің PR қызметі. 

«ЦентрКредит банкі» қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион теңге көлемінде көмек көрсетуге және бұрыннан бар несиелерін есептен шығаруға дайын. Банк қызметтік операция кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Бұған дейін банк жағдай тұрақталып, байланыс қалпына келгендіктен барлық клиент үшін сыйақы мен өсімпұлсыз несие төлемдерін ұзарту туралы хабарлаған болатын.

Қайтыс болған қызметкерлердің біздің банкте болған несиелерін есептен шығарамыз. Біз барлығымен бірге қайғырып көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Халық банкі» қайтыс болған тәртіп сақшыларының отбасына әрқайсысына 5 миллион теңгеден бөлетіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы