Ресейде цемент зауыты опырылып түсті

16 Тамыз 2019, 17:24
1854
Бөлісу:
Ресейде цемент зауыты опырылып түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленинград облысы Волхов қаласында «Апатит» зауытының өндірістік алаңында ғимаратты демонтаждау кезінде қабырға опырылып түсіп, 2 адам үйіндінің астында қалды, деп хабарлады Интерфакс.

Қайғылы оқиға туралы видео Hue Telegram-каналында жарияланды.

«Демонтаждау жұмыстары кезінде ғимарат қабырғасы опырылып түсті. Үйіндінің астында 2 адам қалып қойды. Барлық құтқару қызметі оқиға орнына келіп жетті», - деді қалалық әкімшіліктің басшысы Алексей Брицун.

Алдын ала мәлімет бойынша «Главцем» компаниясының демонтаждау жұмыстарымен айналысқан қызметкерлері үйіндінің астында қалып қойған.

Кейіннен ТЖМ облыстық басқармасы үйіндінің астынан 2 қызметкердің денесін алып шыққаны туралы хабарлады.



 

Өзгелердің жаңалығы