Бас жаңалықтар
Травматология және ортопедия саласының басым бағыттары талқыланды
PHOTO
28 Қыркүйек 2020, 12:18 544

Травматология және ортопедия саласының басым бағыттары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елордада ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК «Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесіп, академик Н.Д.Батпеновты еске алуға арналған «Травматология мен ортопедия дамуының заманауи аспектілері мен басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Іс-шара барысында Әзірбайжан, Босния және Герцеговиня, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, РФ, АҚШ, Түркия, Өзбекстан және т.б. елдердің бейінді жетекші мамандары мен ғалымдары травматология мен ортопедияға инновациялық технологияларды енгізу және қолдану,  ортопедялық-травматологиялық көмек ұйымдастыру, көптеген және жанамаласқан жарақаттарды емдеу мәселелері туралы пікірлерімен бөлісті.

Конференция барысында сөз алған ҚР ДСМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК директорының міндетін атқарушы Олжас Бекарысов шара травматология саласының негізгі мәселелеріне арналып отыранын айтты.

атур2.JPEG

Конференцияның назарға алып отырған басты тақырыбы - заманауи технологиялардың травматология және ортопедияда қолданылуы болып отыр. Сонымен қатар, буындарды эндопротездеу, артроскопия, травматология, ортопедия бағытындағы ғылыми зерттеулер, осы саланың негізгі аспектілері талқыға салынбақ. Пандемия жағдайына бпйланысты конференция онлайн форматта өтуде, тиісінше шара жұмысына еліміздің әр өңіріннен сала мамандары көре алады, - деді ол.

атур.JPEG

Шара барысында ірі буындарды эндопротездеу мен артроскопия, жасушалық технология, остеологиядағы сәулелік диагностика, қазіргі жағдайда медициналық оңалту мәселелері де талқыланды.

атур3.JPEG

Конференцияның күн тәртібіне балалар ортопедиясы мен травматологиясының өзекті мәселелері, ортопедиялық және травматологиялық практикадағы қателіктер мен асқынулар сияқты мәселелер де ұсынылды.

Айта кету керек, іс-шара барысында жақын және алыс шетелдердегі травматология және ортопедияның жетекші орталықтарының басшылары, бейінді бірлестіктерінің президенттері баяндама жасайды.

атур1.JPEG

Конференция аясында түркітілдес елдердің «TURCOT-DER» травматолог-ортопедтері қауымдастығының қолдауымен, 28 қыркүйек - 2 қазан аралығында түркітілдес елдер арасында травматология және ортопедия бойынша алғашқы оқу курсы өткізіледі.



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...