Бас жаңалықтар
Транспорт саласында жемқорлық үшін кімдер жазаланды?
26 Ақпан 2021, 15:30 422

Транспорт саласында жемқорлық үшін кімдер жазаланды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

Көлікті бақылау саласындағы жемқорлық жайлы айтып берсем. Көлік инфрақұрылымын дамыту - елдің стратегиялық мақсаттарының бірі. 2017 жылдан биылға дейін осы сала бойынша 120 сотқа дейінгі іс болды. Оның 100-і өндіріспен аяқталды. Бұл салада пара алу мен қызметтік лауазымын асыра пайдалану деректері көп кездеседі, - деді ол. 

Бекайдаров атап өткендей, осы жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр қалалық соты 50,4 млн теңге айыппұл салынды. 

ИИДМ Көлік комитетінің бас сарапшысы Әбденов мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан  өмір бойына айырылды. Іс 117 бап аясында аяқталды. Ол 2 млн 520 мың пара алды деп айыпталды. Қылмыскер «Қостанай-Екатеринбург» бағытындағы автожол қозғалысы бойынша жеке меншік компанияға рұқсат берген, - деді ол. 

Бекайдаров комитеттің тағы бір қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. 

Ол да техниканы міндетті техникалық бақылау жүргізу бойынша пара алған. Осыған дейін Алматы облысы көлік инспециясын реттеу инспекциясының қызметкеріне 100 млн теңге айыппұл салынды. Ол жүйелі түрде топ мүшелерімен бірге 25 жүк тасымалдау кәсіпкерлігіне қолдау көрсеткен, - деді Бекайдаров.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...