Бас жаңалықтар
ІІМ ағзаны заңсыз иемденушілерді тергеуде
19 Шілде 2019, 20:35 258

ІІМ ағзаны заңсыз иемденушілерді тергеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.

"Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды. Осы жылдың мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі (екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу) , 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды. Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай алдын ала тергеу барысы мен қорытындысы жариялауға жатпайды.

Бұған дейін қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовқа ағзаны заңсыз алмастырды деген күдік тағылғаны хабарланған болатын.

Сізден жаңалық