Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есеге артады
11 Мамыр, 10:56 385

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы алты есеге артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкара қаласында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық қауымдастығы Жалпы жиынының (Middle sorridor) мәжілісі өтті. 

Оған қатысушылар қауымдастықтың 2021 жылғы есебін тыңдап, ТХКБ-ны дамыту стратегиясын, тасымалдау тетіктерін, маркетингтік жоспарды және 2022 жылға арналған тарифтік саясатты талқылады.

Биыл контейнерлік тасымалдар өткен жылға қарағанда екі есе көбейіп, 50 мың ЖФЭ дейін жетеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар жалпы тасымал  алты есеге - 3,2 млн тоннаға дейін артады деген болжам бар. Айта кету керек, 2022 жылдың 4 айында ТХКБ бағыты бойынша 733 мың тонна жүк тасымалданған. Бұл - 5 мыңнан астам вагон ары-бері өтіп, 10 мың ЖФЭ контейнерлерді діттеген жеріне жеткізді деген сөз.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара қорытындысы бойынша ТХКБ бағытымен жүк легі ұлғайып жатқандықтан үздіксіз тасымалдауды бәсеңдетпеу мәселесі келісілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...