Елімізде трансформаторға қажетті заттарды өндіретін кәсіпорындар сұранысқа ие

20 Маусым 2020, 17:16
3088
Бөлісу:
Елімізде трансформаторға қажетті заттарды өндіретін кәсіпорындар сұранысқа ие
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Кентау қаласында орналасқан "МоноЭлеТех" ЖШС алты жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Ол "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін құрылған. 

2020-06-12 14.24.29.jpg

Мұнда қатпарқабат (гофростенок), мыс және алюминий шиналар, эмальді алюминий дөңгелек сымдар және де металлоконструкцияны сырлайтын қызмет пен трансформатор жабдықтарын сынақтан өткізетін заттар өндіріледі.

2020-06-12 14.25.01.jpg

Кәсіпорын "Кентау трансформатор зауытының" территориясында орналасқан және зауыттың өндірістік орнын жалға алып отыр. Сонымен қатар, электротехникалық жабдықтарды өндірудің кластерлік жүйесін құрайды. "МоноЭлеТех" ЖШС құрылуы 2012 жылы Кентау қаласының моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілген тапсырмалардың біріне сәйкес келеді. 

2020-06-12 14.11.42.jpg

Аталған бағдарламаның мақсаты – моноқалаларды орта және ұзақмерзімді перспективасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа жетуін дамыту. Сондай-ақ, экономикалық әлеуеті төмен моноқалалардың өнеркәсіптік өндіріс көлемін ұлғайту. Екіншіден, бірнеше инвестициялық жобаны кемі 20% көбейту. Шағын қалаларда осындай белсенді жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың санын арттыру. Қала тұрғындарының табысы молаюына оң әсер ету, жұмыссыздықты кем дегенде 5,5% азайту, - деді "Кентау трансформатор зауыты" АҚ Басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев. 
2020-06-12 14.17.12.jpg

Кәсіпорын сонымен не өндіреді? Біріншісі, трансформаторды майлау үшін қатпарланған қабаттарды әзірлейді. Трансформатордың багы герметикалық нәтижеде шығарылады. Бактың герметикалық конструкциясы кеңейтусіз және ауа жастықшасының техникалық мүмкіндігі өте күшті. Бактың сыртқы қабырғаларын суытып, трансформатордағы майдың температуралық өзгерісін толықтырып тұрады. 25 жыл қызмет көрсетуге жарамды.

2020-06-12 14.12.27.jpg

Екінші, эмальді алюминий дөңгелек сымдар трансформаторды орап байлау үшін қолданады. Металлоконструкцияны сырлау әдісі – бакты және трансформатордың қалған металл бөліктерін сырлап, бояйды. Сырлауға сұр және жасыл түсті арнайы бояу қолданылады. Ал дайын болған трансформатордың барлығы сынақтан өткізіледі. Онда трансформатордың сапасы, мемлекеттік стандартқа және есептік көрсеткіші техникалық сипаттамасына сәйкес келе ме, тексеріп шығады. Сымдардың қалай жалғанғанын, үнемі қосулы тұрған токқа төзімділігін, қысқа тұйықтағышын, трансформатор багының беріктігін сынақтан өткізіп көреді.

2020-06-12 14.16.37.jpg

Айта кетейік, "МоноЭлеТех" кәсіпорны 2013 жылы құрылған. Негізінен ПЭЭА маркалы сымдарын, алюминий және шина өндіреді. Дайын болған трансформаторларды сынақтан өткізу қызметін көрсетеді. Кәсіпорынның директоры Ермек Мұсабаевтың сөзінше, мұнда қазіргі кезде 30 жұмысшы бар, орташа айлық жалақысы – 93 мың теңге. Жобаның құны – 817 млн теңге. Қуаттылығы – жылына 10 мың бірлік өндіреді. Жалпы өндірістік алаңы – 2389 шаршы метр. Шығарған өнімдерін негізінен тұтынушы – "Кентау трансформатор зауыты" АҚ. Қуаттылық жүктемесі 80 пайызды құрайды.    

2020-06-12 14.24.40.jpg

Ал зауыт аумағында орналасқан екінші кәсіпорын ол – "ЮгЭлектроПривод" ЖШС-і. 2014 жылы пайдалануға берілген өндіріс орнын Сейтжапбар Наурызбаев басқарады. Цех трансформатор тоғын өлшейтін есептеуіш пен оқшаулағыш 35-110 КВ кернеу шығарады. 6-10 кВ вакуумды өшіргіш өндіреді. Өндірістік қуаты – 700 дана. Вакуумды өшіргіш 12 кВ – 100 дана. Қуаттылық жүктемесі – 80 пайыз. Кәсіпорынның жалпы алаңы – 1,93 гектар. Мұнда жұмысшылар саны – 40 адам, еңбекақысы орта есеппен 73 793 теңгені құрайды. Кәсіпорынның өнімдерін негізінен тұтынушы – "Кентау трансформатор зауыты" АҚ.

2020-06-12 14.17.04.jpg

2020-06-12 14.08.49.jpg

2020-06-12 14.18.28.jpg

Өзгелердің жаңалығы