Трамп Twitter және Facebook-ке қалай жазба қалдыратынын айтты

25 Мамыр 2020, 10:39
1445
Бөлісу:
Трамп Twitter және Facebook-ке қалай жазба қалдыратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта оның Twitter-де 80 миллионнан астам, ал, Facebook-те 29 миллионнан астам оқырманы бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter және Facebook әлеуметтік желілеріндегі жазбаларын үнемі өзі жазбайды. Америка көшбасшысы кейде өзінің көмекшісіне мәтінді оқып тұратынын айтты. Ол бұл туралы 24 мамырда эфирге шыққан журналист Шерил Аткиссонға берген сұхбатында мәлімдеді.

Кейде мәтінді өзім жазамын, мысалы, түнде немесе таңертең. Күн ұзаққа уақыт бола бермейді. Сондықтан, керек мәтінді көмекшіме айтамын, ол жариялайды, - деді АҚШ президенті. 

Президент бұл тапсырманы Дэн мұқият орындайтынын (Дэниел Скавино − Трамптың әлеуметтік желілердегі коммуникацияға жауап беретін көмекшісі) атап өтті.

Сонымен қатар, Трамп жазбаларын жариялар алдында оның хабарламаларының мазмұнын ешкім тексермейтінін айтты.

Еске сала кетейік, Трамп Twitter және Facebook-те түрлі тақырыптарға қатысты жазбаларды жиі салады. Қазіргі уақытта оның Twitter-де 80 миллионнан астам, ал, Facebook-те 29 миллионнан астам оқырманы бар.

АҚШ президенті Twitter-саясатына қатысты бірнеше рет сынға алынған, тіпті оның твиттеріне жасалған карикатурасы бар жинақ та шықты.

Өзгелердің жаңалығы