Ердоған мен Трамп әскери және саяси ынтымақтастықты талқылады

24 Мамыр 2020, 15:35
1699
Бөлісу:
Ердоған мен Трамп әскери және саяси ынтымақтастықты талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ және Түркия президенттері телефон арқылы коронавирус пандемиясынан кейінгі ғаламдық экономиканың даму мәселелерін талқылады. 

АҚШ әкімшілігі өкілінің айтуынша, Дональд Трамп және Режеп Ердоған маңызды аймақтық және екі тарапқа қатысты мәселелерді де талқыға салған.

Трамп Ливиядағы қақтығысқа сыртқы күштердің араласуына тағы алаңдаушылық білдіріп, аймақта ушыққан жағдайды жылдам қалпына келтіру қажеттігін атап өткен. Екі ел басшысы Сириядағы қақтығысты саяси реттеудің маңызды екенін айтқан.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарлауына қарағанда, Ердоған мен Трамп әскери және саяси ынтымақтастықты жалғастыруға және Жерорта теңізінің шығысында тұрақтылыққа қол жеткізуге ықылас білдірген.

“Америка дауысы” сайтының жазуынша, Түркия халықаралық қауымдастық мойындаған Ливия үкіметін қолдайды. Ливияның үкімет күштері соңғы кезде генерал Халиф Хафтар жетекшілік еткен Ливия ұлттық әскерімен соғыста жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы