Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады

28 Ақпан 2019, 15:14
1546
Бөлісу:
Трамп пен Ким Чен Ын келісімге келе алмады

Астана, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Корей халықтық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын келісіміге келе алмады. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды. 


Хаонйдағы саммит барысында ҚШ президенті Дональд Трамп пен Корей халықтық демократиялық республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын жоспарланған келісімге келе алмай, ресми жиыннан межелі уақыттан әлдеқайда ерте кетіп қалды. Ақ үй өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл бағыттағы келіссөздер болашақтың еншісіне қалдырылып отыр. 

Сонымен қатар, екі ел басшылары келіссөздер жүргізгеннен кейін салтанатты түскі ас барысында бас қосып, кейіннен құжаттарға қол қоюлары тиіс болатын. Алайда, қос президент те түскі ас болмайтыны белгілі болды. 

Кейіннен ресми мәлімдеме жасаған Дональд Трамп КХДР көшбасшысы Йонбендегі ядролық нысанның жұмысын тоқтату шаралары үшін өз еліне қатысты барлық санкциялардың күші жойылуын талап еткенін айтты. Алайда, Трамп мұндай уағдаластықтан бас тартқан. 

Сол сияқты, ол саммит қорытындысы бойынша Солтүстік Кореямен мәмілелік құжаттардың ешбіріне қол қоймау біржақты шешім емес екенін айтты. Бұл шешімді Ким Чен Ын да жөн деп тапқан. 

Трамп АҚШ пен КХДР өте табысты саммит өткізгенін және келісімге келе алмауларына қарамастан, достық қарым-қатынаста қол алысқанын мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы