Бас жаңалықтар
Трамп Еуропа елдерін  Сириядан жауынгерлерін алып кетуге шақырды
18 Ақпан 2019, 08:35 607

Трамп Еуропа елдерін Сириядан жауынгерлерін алып кетуге шақырды

Астана, BAQ.KZ.  АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа мемлекеттеріне Сириядан жауынгер отандастарын елдеріне алып кетіп, оларды сотқа беруге шақырды. Оның мәліметінше, республикада Еуропадан келген 800 террорист бар. Бұл туралы америкалық көшбасшы  Twitter парақшасында жазды. 

Трамп соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жауынгерлердің келген жақтарына қайта кететініне күмәнмен қарайтынын жазған. 

«АҚШ экстремистердің Еуропаға қалай кіретінін бақылағысы келмейді. Біз көп нәрсе жасаймыз, көп қаржы жұмсаймыз. Енді басқалар да қадам жасап, қолдарынан келетін істі жасауы тиіс. Біз халифатты 100% жеңген соң ғана шегінеміз», — деді мемлекет басшысы. 

Reuters хабарлауынша, Сирия түрмелерінде 40 елдің 800-ге жуық жауынгері отыр. Трамп республикадан әскерін шығару шешімін қабылдады. Бірақ күрдтер Американың қолдауынсыз тұтқындарды ұстағысы келмейді, не ұстай алмайды деген ықтимал бар. Сол себепті Вашингтон тұтқындарды келген мемлекеттерінің билігіне беру керек деп есептейді, алайда шетелдік үкіметтердің көп бөлігі мұны қаламайды.
Загрузка...

Сізден жаңалық