Бас жаңалықтар
Трамп COVID-19 вакцинасы бір айдан соң дайын болатынын айтты
16 Қыркүйек 2020, 10:33 90

Трамп COVID-19 вакцинасы бір айдан соң дайын болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық көшбасшы тиімді және қауіпсіз препарат жақын арада дайын болатынына сенімді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп коронавирусқа қарсы вакцина қазан айының ортасына қарай дайын болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы 15 қыркүйек күні, яғни кеше ABC эфирінде мәлімдеді деп жазады korrespondent.net.

Алдыңғы әкімшіліктерге вакцина алу үшін бірнеше жыл қажет болар еді. Ал бізге оған қол жеткізуге бірнеше апта ғана қалды. Мүмкін үш-төрт апта, - деп толықтырды Ақ үй басшысы.

Еске сала кетейік, Демократиялық партия атынан АҚШ-тың вице-президенттігіне үміткер Камала Харрис Трамп президенттік сайлау қарсаңында коронавирусқа қарсы вакцина мәселесін саясаттандырып отырғанын мәлімдеген еді.

Ал ДДСҰ коронавируспен күресте вакцинаның тиімділігіне күмән келтірген болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...