Трамп Ақ үйден кетті

20 Қаңтар 2021, 20:20
1574
Бөлісу:
Трамп Ақ үйден кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп және оның жұбайы Меланья Ақ үйден кетті. 

Олар тікұшаққа отырып, Эндрюс әуебазасына ұшып кетті.  


Жергілікті БАҚ ақпаратына сүйенсек, Трамп пен оның жұбайы әрі қарай Флорида штатындағы Палм-Бичке барады. Онда Мар-а-Лаго резиденциясы бар. Экс-президент демалыстарын сол жерде өткізіп, кейбір дүниежүзі лидерін сол жерге шақыратын. 

Трамп қарашада өткен президенттік сайлау нәтижесі бойынша демократ Джо Байденге жол берді. Байденнің инаугурациясы бүін өтеді.   

Капитолиядағы ант бергеннен кейін президенттік посттағы алғашқы күнінде ол бірқатар жарлыққа қол қоймақшы. Атап айтқанда, Мексикамен қабырға құрылысын тоқтату, ДДСҰ-дан шығудан бас тарту, АҚШ-ты климат жөніндегі Париж келісіміне қайтадан қайтару.

Өзгелердің жаңалығы