Тойды кейінге қалдырыңыздар – Тоғжанов

12 Наурыз 2020, 13:26
3570
Бөлісу:
Тойды кейінге қалдырыңыздар – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустың қаупі, шынымен, бар. Сондықтан отбасылық шараларды кейінге қалдыруды сұраймыз, деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Барлық тұрғынға ұсыным ретінде айтамыз. Туған күн, той және басқа да отбасылық мерекелер маңызды екенін түсінеміз. Білеміз. Бірақ мұндай шаралар өткізер алдында тағы бір рет ойланғанын қалаймыз. Мұндай шараларды өткізбеуді сұраймыз немесе кейінге қалдыруын сұраймыз, - деп кеңес берді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Сондай-ақ, сақтық шаралары барысында мынадай шешімдер қабылданды. 

Коронавирусқа байланысты құралған комиссия 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралар, конференциялар, көрме, семинарларға тыйым салу; Білім, денсаулық сақтау, қонақүйлер, әуежайлар санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізілу; Каникул кезінде оқушылар басқа қалаларға шықпау керек деген шешім шығарылды. Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына каникул болады. Енді қоғамдық көліктерде, оның ішінде автобустарда әр рейстен кейін дезинфекциялау жүргізіледі.  Елімізде ең қажетті әлеуметтік деңгейдегі 19 түрлі тауардың тізімі бар. Олардың барлығы бізде жеткілікті деуге болады.
Өзгелердің жаңалығы