Елордалық төтеншеліктер екі баланы құтқарып қалды

13 Қазан 2019, 09:16
1734
Бөлісу:
Елордалық төтеншеліктер екі баланы құтқарып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында 2 баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқиға 12 қазан күні сағат 13:28-де Уәлиханов көшесінде орналасқан үйде болған. 

"2011 және 2015 жылы туған балалар ата-ананың қарауынсыз үйде өздері жалғыз қалған. Олар ваннадағы кранды жұлып алады. Үйге су тола бастағанда, олар қорқып терезенің алдына шығып кетеді", - деді төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Оқиға орнына бірден құтқарушылар барып, есікті ашып, балаларды құтқарып қалған. 

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында балалар аман қалды. Бірақ әркезде уақтылы жетіп, аман алып қалу мүмкіндігі бола бермейді", - деді олар. 

Төтеншеліктер балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы