Төтенше жағдай кезінде интернет-ресурстардың барлығы тегін болады

23 Наурыз 2020, 14:20
2055
Бөлісу:
Төтенше жағдай кезінде интернет-ресурстардың барлығы тегін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде барлық интернет-ресурстар тегін болуы тиіс екенін айтты.

Карантиннің енгізілуіне байланысты тұрғындарға үйде болуды өтіндік. Қашықтан жұмыс істеу адамдарды мобильді технологияларды барынша белсенді пайдалануына түрткі болады. Төтенше жағдай кезеңінде ұялы байланыс пен интернетке, әсіресе білім беру ресурстарына, әлеуметтік желілерге және жедел хабарламаларға қол жетімділікті кеңейтуді тапсырамын, - деді президент.

Ол төтенше жағдай кезінде тіпті қарызы болған жағдайда да, байланыс қызметін ұсынуды жалғастыру қажет екенін жеткізді.  

Қазақстанның барлық интернет-ресурстарына қол жетімділік тегін болуы керек. Бұған дейін мен карантин кезеңінде тұрғындардың коммуналдық төлемдерін төмендетуді тапсырған болатынмын. Алматы жедел жауап беріп, тиісті шешімдер қабылдады. Енді Мемлекеттік комиссия жүйелі республикалық шараларды әзірлеуі керек. Жалпы, әріптестер, қазақ халқы бізден осындай шараларды күтеді. Бүгін азаматтарға менің тапсырмаларымды таныстыруға және оларды жүзеге асыруға шұғыл кірісуге тапырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өзгелердің жаңалығы