Бас жаңалықтар
Төтенше жағдай: Ақтөбеде тәртіп бұзған 9 дүкен иесі қамауға алынды
02 Сәуiр 2020, 18:16 326

Төтенше жағдай: Ақтөбеде тәртіп бұзған 9 дүкен иесі қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 2 сәуіріне Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі бойынша 87 бұзушылық анықталды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгінгі күні ТЖ режимін бұзудың 87 фактісі тіркелген, негізінен тәртіп бұзушылар дәмхана мен дүкендердің иелері болып табылады, олар белгіленген мерзімнен кеш жұмыс істейді (22-00 сағат), маскалық режимді сақтамайды немесе салтанатты іс-шаралар өткізеді.

87 бұзушылықтардың 79-ы ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу), соның ішінде 9 факті бойынша қамауға алынды, 32 жағдайда айыппұл салынып, 4 ескерту жасалды. ҚР ӘҚБтК 478 бабы бойынша 8 бұзушылық анықталды.

Тәртіп бұзушылардың арасында 17 жеке және 70 заңды тұлға қызмет түрлері бойынша – 30 дүкен, 25 кафе, бар, 6 монша, 4 букмекерлік кеңсе, 1 кемпинг, 1 демалыс базасы, 1 фитнесс клуб 2 көлік жуу орны анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша Бөгенбай батыр көшесіндегі көлік жуу иесіне 10 АЕК-ке айыппұл салынды, көлік жуу сағат 18-00-ден кейін (жұмыс күні сағат 18-00-ге дейін) жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Рысқұлов көшесіндегі кафелер белгіленген уақыттан тыс - сағат 22-00-ден кейін жұмыс істеді. Мекеме иесіне 26500 теңге айыппұл салынды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...