Total басшысы мұнай нарығы үшін басты қатерді айтты

25 Қаңтар 2019, 17:37
3081
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Таяу Шығыстағы жағдай мұнай нарығы үшін басты қатер болып отыр. Бұл жайында француздық Total мұнайгаз компаниясының бас директоры Патрик Пуянне айтты, деп хабарлады Вести.Экономика. порталы.


«Бұл тек Сауд Аравиясы ғана емес, БАӘ және Кувейттегі үлкен өндіріс аумақтары. Сонымен қоса Ирак пен Иран да бар», - деді Пуянне Дауоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда.

«Соңғы кездегі Сауд Арабиясы мен Иран сияқты екі үлкен одақ төңірегіндегі жағдайлар  көптеген адамды алаңдатып отыр», - деді Total басшысы. 

Сонымен қатар ол, сұраныс пен ұсыныс факторын да ескеру қажеттігін айтты.

«Иә, сұраныс жоғары, дегенімен америкалық мұнайдың көптеп өндірілуінен ұсыныс та өсіп отыр», - деді ол.

АҚШ-тың кен өндірісін арттыруы, сондай-ақ жаһандық экономикалық өсімнің баяулауы отынға деген сұранысты әлсіретіп, мұнай бағаларына қысым келтіруде екен.

Total басшысының айтуынша, мұнайға деген сұраныс бұрынғыдай жоғары. Алайда АҚШ-тың Қытай импортына салған бажсалықтары мұнайға деген сұранысы жоғары Қытай мен өзге де дамушы елдердің экономикалық өсіміне шығын әкеледі. Бұл тарапта мұнай нарығына да кері әсер етуі мүмкін.  

«Сондықтан қазіргі нарықты сипаттауда «құбылмалық» сөзін ғана айта аламын», - дейді ол.

Сондай-ақ, Венесуэладағы саяи жағдай да мұнай нарығына қатсушыларды алаңдататыны айтылды. Пуянне Total компаниясы Венесуэлада 25 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жатқандарын айтып өтті.

«Біз әлі онда жұмыс істеп жатырмыз. Венесуэлада болып жатқан оқиға халық үшін жақсы болар, дегенімен жағдай оңай емес. Шынымды айтсам, соңғы екі-үш жылдағы менің басты уайымым ондағы қызметкерлердің қауіпсіздігі болып отыр. Сонымен қатар су мен электр қуаты болмай қалмаса екен деп алаңдаулымын», - деді мұнай компаниясының директоры.
Өзгелердің жаңалығы