Шармановқа Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

8 Желтоқсан 2020, 17:15
1466
Бөлісу:
Шармановқа Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы: 

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін, - делінген Жарлықта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.                  


Өзгелердің жаңалығы