Тоқаевтың көмекшісіне қалай жазылуға болады

14 Қазан 2019, 15:58
3106
Бөлісу:
Тоқаевтың көмекшісіне қалай жазылуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтарды қабылдау кестесімен президенттің ресми сайтынан танысуға болады. 

Ел тұрғындары өз мәселелері мен ұсыныс-тілектерін жеткізу үшін президент көмекшісінің жеке қабылдауына немесе Президент Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауына жазыла алады. Ол үшін не істеу қажет екені Zakon.kz сайтында хабарланды. 

Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі мемлекет басшысының 2019 жылғы 22 шілдедегі жарлығымен құрылды. Бұл бөлім «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуге шақырады. Бүгінгі таңда аталмыш бөлімге төрт мыңға жуық өтініш келіп түскен. Оның ішінде жазбаша түрде түскен өтініштер, сондай-ақ e-gov порталы мен Президенттің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы келіп түскен өтінішхаттар да бар. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау қалаларында және Солтүстік Қазақстан облыстарында азаматтарды көшпелі қабылдау ұйымдастырылып, оның барысында 350-ден астам адамның өтініштері қаралды.

Қоғамдық қабылдаудың Telegram-каналында ҚР Президент Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауына жазылу ережелер көрсетілген.

Виртуалды қабылдауға өтініш беру үшін:

www.akorda.kz сайтына кіріп, «Виртуалды қабылдау» бөлімінде тіркелуіңіз керек. Тіркеуге арналған қадамдық нұсқаулықтар жазу процесін автоматты түрде реттейді, бірақ сізде «Электрондық цифрлық қолтаңба» болуы тиіс.

Қабылдауға жазылу:

Президенттің көмекшісі – ҚР Президент Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысымен кездесу +7 7172 74 17 96 және +7 7172 74 97 06 телефондары арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша да, сондай-ақ электрондық үкімет порталының egov.kz порталы арқылы да жазылуға болады.

Азаматтарды қабылдау кестесі мемлекет басшысының ресми сайтында «Президент Әкімшілігі - Азаматтарды қабылдау» бөлімінде жарияланған.

Өзгелердің жаңалығы