Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге коронавирустың таралуына байланысты хат жолдады.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасына қауіпті вирусты тоқтату және жою жөніндегі Қытай басшылығының шешімдері мен іс-қимылдарын жоғары бағалай отырып, Қазақстан Үкіметінің Қытайға қажет болған жағдайда жан-жақты гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екені туралы шешімін жеткізді, - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, президент коронавирустың Қазақстан аумағында тарап кетпеуі үшін Үкіметтің қабылданып жатқан іс-шаралар туралы хабарлады.