Тоқаев Талдықорған қаласына барды

2 Мамыр 2019, 10:58
2183
Бөлісу:
Тоқаев Талдықорған қаласына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Өңірдің жұртшылық өкілдерімен, кәсіпкерлерімен кездесу, сондай-ақ, көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысу жоспарланған», - делінген Берік Уәлидің Фейсбук-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.


Өзгелердің жаңалығы