Тоқаев жақында елімізде саяси трансформациялау жасалатынын айтты

5 Қаңтар 2022, 19:43
735
Бөлісу:
Тоқаев жақында елімізде саяси трансформациялау жасалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент бұл туралы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде айтты.

Біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсереміз. Бұдан шыңдалып шығамыз. Жуырда Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарымды жариялаймын. Мен дәйекті реформаларды бұрынғыдай жалғастыра беремін. Құқық қорғау органдары мен әскери қызметшілерге ерекше алғыс білдіремін. Олар қарулы топтардың соққысына кеудесін тосты. Өкінішке қарай қаза тапқандар да бар. Мерт болған азаматтардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы