Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

22 Сәуір 2019, 16:41
2190
Бөлісу:
Тоқаев Зеленскийді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаның жаңа басшысы Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президенті өз Twitter-індегі парақшасына жазды.

"Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - делінген Тоқаевтың Twitter-індегі парақшасында.

Бұған дейін сайлаудың соңғы нәтижесі бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұрды, оған тұрғындардың 73,04%-ы дауыс берген. Ал сайлаушылардың 24,61%-ы Петр Порошенкоға жақтасқан.


Өзгелердің жаңалығы