Тоқаев Заңға өзгеріс енгізді

5 Мамыр 2020, 17:17
13974
Бөлісу:
Тоқаев Заңға өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында: 

«Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, төраға орынбасары (келісім бойынша)» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 

 «Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша), төраға»;
«Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы – Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол алып тасталсын; 

аталған Комиссияның құрамынан Г.Н.Әбдіқалықова шығарылсын. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

Қазақстан Республикасының
               Президенті                                                                                                                                     Қ.Тоқаев 


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр
                         № 325

Өзгелердің жаңалығы