Қазақстанда төтенше жағдай созылуы мүмкін – Тоқаев

16 Наурыз 2020, 14:12
4075
Бөлісу:
Қазақстанда төтенше жағдай созылуы мүмкін – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазір ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап жатыр.

Үндеуде мемлекет басшысы елде енгізілген 30 күндік төтенше жағдай қажет болған жағдайда созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, мен Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 16 наурызындағы сағат 08.00-ден бастап 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим әрекеті созылуы мүмкін. Жарлықта қажетті профилактикалық шаралар қарастырылған. Қоғамдық тәртіпті күзету күшейтілді. Жаппай шараларды өткізуге тыйым салынды, - деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде.
Айта кетейік, 15 наурызда ҚР президенті ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңі аралығында төтенше жағдай жарияланған болатын. Оған сәйкес:

  • Төтенше жағдай кезінде режимді қадағалау үшін арнайы комиссия құрылды.

  • Комиссия құрамында облыс әкімдері, министрлер, респбликалық маңызы бар қала әкімдері бар.

  • Төтенше жағдайға байланысты қоғамдық қауіпсіздік пен күзет жүйесі күшейтілді;

  • Ірі сауда объектілерінің жұмысына шектеу қойылды; сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, т.б. адам көп жиналатын объектілердің қызметі тоқтатылды;

  • Карантин енгізіліп, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;

  • Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, салт-дәстүр іс-шаралар тоқтатылды;

  • Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеу қойылды.  
ҚР Денсаулық сақтау министрілігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 наурыздағы 10.00 сағаттағы жағдай туралы хабарлады. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр. Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда,
Өзгелердің жаңалығы