Тоқаев Тәжікстан басшысымен алдағы кездесулердің кестесін талқылады

10 Маусым 2019, 13:11
1179
Бөлісу:
Тоқаев Тәжікстан басшысымен алдағы кездесулердің кестесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады. 

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы