Істі бастадың ба, аяғына дейін бітіру керек – Тоқаев Алматы әкімінің орынбасарына сөгіс жариялады

29 Қазан 2019, 13:34
2789
Бөлісу:
Істі бастадың ба, аяғына дейін бітіру керек – Тоқаев Алматы әкімінің орынбасарына сөгіс жариялады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялады. 

Президенттің сөгіс жариялауына Көктебеде көшеттер отырғызу кезінде жіберілген олқылықтар себеп болған.

"Сіз игі істі жоқ қылдыңыз. Көшеттер отырғызылмай далада қалып қойғаны дұрыс болмады. Сондықтан қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Істі бастадың ба, аяғына дейін бітіру керек. Қолыңнан келмесе кіріспеу керек еді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, 13 қазан күні Jasyl Almaty акциясы аясында Көктөбеде 500 ерікті 40 мың алма мен қызғалдақ көшетін отырғызған болатын. Кейін "Жасыл құтқару" экологиялық қоғамы көптеген алма көшеттерінің отырғызылмай, далада қалып кеткенін анықтаған болатын. Ол кезде қала әкімі  Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтеновке сөгіс берген еді.

Бұған дейін мемлекет басшысы Алматы білім, ғылым және іскерлік орта ретінде дамып келе жатқанын, оның Орталық Азияның өңірлік хабына айналатынын айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы