Бас жаңалықтар
Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады
06 Мамыр 2019, 08:58 2814

Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Қымбатты отандастар!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл – шексіз ізгілікке, адамгершілікке, рухани тазаруға және кемелденуге бастайтын мезгіл. Исламның жасампаздық әлеуеті қоғамымыздағы және әлемдегі дәстүрлі құндылықтар мен гуманизм негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рамазан айында ораза ұстау мейірімділікке, кешірімді болуға, татулыққа және қайырымдылыққа үндейді. 

Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстанда бірлік, өзара түсіністік, этносаралық және дінаралық келісім рухы сақталып отыр. 

Қасиетті Рамазан айы бәріңізге жақсылық, бақ-береке әкелсін!», - делінген президенттің құттықтауында. 

Бүгін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні басталды. Бұған дейін ҚМДБ бекіткен Ораза кестесін және кешеден бастап еліміздегі барлық мешіттерде тарауих намазының басталғанын жазған болатынбыз.

Загрузка...

Сізден жаңалық