Тоқаев қытайлық миллиардер Джек Мамен кездесті

12 Қыркүйек 2019, 18:14
2356
Бөлісу:
Тоқаев қытайлық миллиардер Джек Мамен кездесті
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қытайлық бизнесменмен кездесу кезінде әлемдік экономикадағы заманауи және маңызды мәселелер, кәсіпкерлік пен электронды коммерцияны дамыту жағдайы сөз болды. 
IMG_5808-12-09-19-05-15.JPEG

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдық мерекесімен және Alibaba Group компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технология саласы маңызды рөл атқаратынын айтты. 

IMG_5803-12-09-19-05-15.JPEG

"Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсетем деген ниетіңізді жоғары бағалаймын. Біз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы цифрлық экономиканы дамытуға қатысты стратегиялық келісім жасадық. Осы іске сіздің де атсалысқаныңызды қалаймыз",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.   

IMG_5809-12-09-19-05-15.JPEG

Өз кезегінде әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше рет болғанын, біздің елдің мәдениеті мен адамдары ерекше әсер қалдырғанын жеткізді. Ол өзінің тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді. 

IMG_5804-12-09-19-05-15.JPEG

Alibaba Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына әлемдік интернет сауданың көшбасшысы саналатын ұжымның тарихы мен қызметі жайында, қалыптасқан өзіндік дәстүрі туралы, болашақтағы жоспарлары мен электронды коммерциядағы жаңа трендтер хақында баяндады. 

Айта кетейік, Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны – Абайдың өлеңін қытайша оқып, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдаған болатын.



Өзгелердің жаңалығы