Тоқаев Қазақстан-Бразилия арасындағы сотталғандарды беру туралы заңға қол қойды

31 Наурыз 2020, 17:21
1643
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстан-Бразилия арасындағы сотталғандарды беру туралы заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы", "Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы", "Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы