Тоқаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

23 Сәуір 2019, 15:58
2416
Бөлісу:
Тоқаев ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына ҚР Президенттігіне кандидат ретінде құжаттарын тапсырды. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Nur Otan партиясы» Қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мынадай құжаттарын ұсынды:

1. «Nur Otan партиясы» Қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді;

2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші;

3. Өмірбаяндық деректері;

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері;

7. Мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттар.

«Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы 23 сәуірге  тағайындалды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде партия Төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президентіне үміткер ретінде ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы