Бас жаңалықтар
Тоқаев меморгандарға: Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет
15 Шілде 2019, 15:51 811

Тоқаев меморгандарға: Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде әлеуметтік желідегі жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

"Халықпен және бизнеспен тиімді коммуникация жүйесін орнату керек. Әр орталық және жергілікті атқарушы органда азаматтармен тікелей және кері байланыс орнату үшін тұрақты алаңдар жұмыс істеуі тиіс. Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет. Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде өз саласы бойынша белсенді болуы керек. Ғаламтор ғасырында бұл - міндет. Олар онлайн режимде желідегі пікірталастарға қатысып, халық пен қоғамның сұрақтарына жауап бере алады. Қазір адамдар үшін дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары емес, әлеуметтік желі негізгі ақпарат көзіне айналған. Салдарынан адамдар жалған мәліметке жиі тап болып, шынайы ақпарат жетіспей қалады. Сол себептен "тыңдай алатын мемлекет" тұжырымдасына көшу, яғни халықпен тікелей онлайн байланыс орнату қажет", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының жұмысын да сынға алды. Президент Үкіметке "электрондық үкімет" жұмысын реттеуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың талаптарына өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...