Бас жаңалықтар
Тоқаев ҚХР шекараларынан өткізілетін тауарларға қатысты заңға қол қойды
15 Маусым 2020, 16:38 175

Тоқаев ҚХР шекараларынан өткізілетін тауарларға қатысты заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...