Тоқаев Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстармен танысты

4 Мамыр 2019, 21:11
2008
Бөлісу:
Тоқаев Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстармен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жақында ЮНЕСКО аясында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Ұлы дала өркениетіне қатысты халықаралық форумға дайындық барысы мәлімделді. Сонымен қатар, биыл жарық көргеніне 100 жыл толатын «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің ғасырлық мерейтойына қатысты шығарылған кітаптар таныстырылды», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.








Өзгелердің жаңалығы