Мемлекет басшысы Халық батырлары монументіне гүл қойды

12 Қыркүйек 2019, 09:21
2148
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Халық батырлары монументіне гүл қойды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Берік Уәли жазды.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қою рәсімінен бастады", - деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екікүндік мемлекеттік сапармен барған еді. 



Өзгелердің жаңалығы