Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директорының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

23 Шілде 2019, 10:34
1844
Бөлісу:
Тоқаев МАГАТЭ-нің бас директорының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жеделхатта Юкия Аманоның өмірден өтуі барлық халықаралық қоғамдастық және бүкіл әлемдегі көптеген адам үшін ауыр қаза екені атап өтілді. 

Қазақстан президенті МАГАТЭ басшысының ядролық қаруды таратпау және ядролық энергияны жаһандық деңгейде бейбіт мақсатқа пайдалану үшін атқарған рөлі зор екенін айтты. 

«Біз Қазақстанның айнымас досы және жаһандық әлемдегі қауіпсіздіктің қорғаушысы Юкия Амано мырзаның жарқын бейнесін ешқашан ұмытпаймыз», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы