Тоқаев: Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім

12 Қаңтар 2020, 09:19
4874
Бөлісу:
Тоқаев: Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы – маңызды шешім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті басу үшін, барлық тараптар ұстамдылық танытуы керегін айтты.

Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, 8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. Өкінішке қарай, апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.

Бұған дейін, Иран әуежайы Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының себебін түсіндірді. Олар Тегерандағы жолаушылар ұшағының құлауына қозғалтқыштан шыққан өрт себеп болғанын мәлімдеді. Алайда, 11 қаңтар күні Иран Украина ұшағын байқаусызда атып құлатқанын мойындады.


Өзгелердің жаңалығы