Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

16 Сәуір 2019, 17:07
2702
Бөлісу:
Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Франция басшысы Эммануэль Макронға Париж Құдай Ана Соборының өртенуіне қатысты көңіл айтты.

"Франция президенті мен халқына француз және әлемдік мәдениеттің ерекше ескерткіші Париж Құдай Ана Соборындағы алапат өртке байланысты қайғырып, көңіл айтамын", - деп жазды Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дүйсенбі күні кешке қарай Франция мәдениетінің жақұты – Париж Құдай Ана Соборы өртенді. XII ғасыр ескерткішінің ағаштан тұратын бөліктері түгел жанып кетті деген жорамал бар.


Өзгелердің жаңалығы